Есту аппаратын алу жеңілдейді
Қазақстанда есту қабілеті төмен азаматтар үшін маңызды өзгеріс енгізілді. Енді есту аппаратын алу үшін міндетті түрде мүгедектік мәртебесін рәсімдеу талап етілмейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұдан былай медициналық көрсеткіші бар азаматтар сурдолог-дәрігердің қорытындысы негізінде есту аппаратын тегін ала алады.