Аналарға арналған шеберлік сағаты
Жаңаөзен қаласында «Салауатты сана, салауатты ұлт» жобасы аясында көпбалалы аналарға арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Қатысушылар жаңа кәсіп түрлерін меңгеріп, өз ісін бастауға ниетті. Жобаға қатысқан аналар қолөнер, тұрмыстық бұйымдар әзірлеу және шағын кәсіп жүргізу бағыттары бойынша тәжірибе жинақтап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар әйелдердің еңбекпен қамтылуына, отбасылық табысын арттыруына және кәсіпкерлікке қадам жасауына жол ашады.