Негізгі Жаңалықтар «Saz Fest» фестивалі өтті

«Saz Fest» фестивалі өтті

Жаңаөзенде алғаш рет өңірлік вокалды-аспапты ансамбльдердің «SAZ FEST» фестивалі өтті. Мұнайшы мәдениет үйінің алаңында ұйымдастырылған шараға қала тұрғындары жиналып, жанды музыкадан ерекше әсер алды.
Маңғыстау өңірінің әр түкпірінен келген он үздік өнер ұжымы қатысып, көрерменге заманауи және ұлттық әуезбен өрілген шығармаларын ұсынды. Музыкалық кеш қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнерпаздардың шығармашылығын кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Бөлісу