Жантілек Нұртілепұлы "Қазақстан Барысы" атанды
Маңғыстау тарихында тұңғыш рет «Қазақстан Барысы» атанған Жантілек Нұртілепұлын әуежайдан ата-анасы, жақындары, достары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Балуан Астанада өткен «Qazaqstan Barysy - 2026» республикалық турнирінде топ жарып, ел чемпионы атанды. Бұл - Маңғыстау үшін тарихи сәт. Өйткені өңірден шыққан балуан алғаш рет елдегі ең беделді қазақ күресі додасының бас жүлдесін иеленді.