«Заңға құрмет - елге құрмет»: республикалық quiz сайысы өтті
Ақтауда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңға құрмет - елге құрмет» республикалық Quiz зияткерлік сайысы өтті. Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған шараға еліміздің әр өңірінен 24 команда, 120 қатысушы қатысты. Зияткерлік додада жастар заң саласындағы білімін сынап, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілік бағытында өзара бақ сынады. Сайыстың басты мақсаты - қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастырып, жастардың құқықтық білімін арттыру.