Ақтауда 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланды
Ақтауда жаңа стадионның іргетасы қаланды. Теңіз жағалауындағы Самал шағын ауданында 10 мың көрерменге арналған жаңа стадион бой көтереді. Бүгін нысан құрылысына арнайы капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай бен қазақ елінің даңқты желаяғы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов қатысып, тарихи сәттің куәсі болды. Заманауи талаптарға сай стадион өңір спортының дамуына жаңа серпін бермек.