Несібесін кәсіптен тапқан
Еңбекқорлық - ерек қасиет. Халқымызда бір баланың өнерін я жақсы ісін байқаған кезде «тұқымында бар» деп айтады. Бұл сөзіміздің жарқын үлгісі - Жармыш ауылындағы Бекенжановтар отбасы. Осы әулет үшін мал шаруашылығы тек отбасылық кәсіп қана емес, ата-баба дәстүріне деген құрметтің көрінісіне айналған. Арнамыздың түсірілім тобы Маңғыстау ауданындағы шаруа қожалығына арнайы барып, иелерімен тілдесіп келді.