Өңір мектептері жаңа оқу жылына толықтай дайын
Жаңа оқу жылында Маңғыстау облысында 200 мыңға жуық оқушы білім алады. Оның 19 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Биыл білім беру саласында жаңа мектептер салу, қауіпсіздікті күшейту және оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағыттарына басымдық берілуде.