Жолаушылар пойызына бақылау жүргізілді
Маңғыстау көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері "Жолаушылар пойызына бақылау" республикалық акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар теміржол вокзалында сапарға шығатын пойыз құрамын аралап, жолаушылар тасымалы кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді.