«Дипломмен ауылға»-жас мамандарға үлкен қолдау
Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандардың ауылдық жерлерге барып, еңбек етуіне мүмкіндік беріп келеді. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп, ауыл мектебіне жолдама алғандардың бірі - Сандуғаш Қыйзатова. Жас маман Теңге ауылындағы №11 мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Ол оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ғылыми жобалар әзірлеуге де жетекшілік етіп жүр