Маңғыстаудан 809 азамат әскерге шақырылады
Маңғыстау облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл өңірден 809 азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр. Науқан 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осыған орай облыс әкімдігінде арнайы кеңес өтті. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ қала мен аудан әкімдіктерінің жауапты мамандары болды.