Қызылөзен ауылында биыл 25 мәдени іс-шара өткізілді
Түпқараған ауданындағы Қызылөзен мәдениет үйі 9 құрылым бойынша қызмет атқарады. Оның 4-еуі ұжым, 5-еуі үйірме. 2 үжымның халықтық атағы бар. Олар «Ақниет» әжелер ансамблі және «Ғажайып әлем» қуыршақ театры. Сондай-ақ, "Ақберен" вокалдық ансамблі және «Қол өнер» студиясы жұмыс істейді