Ашық сот: заң бұзудың салдары талқыланды
Маңғыстау ауданында жасөспірімдердің қатысуымен имитациялық ашық сот процесі өтті. Іс-шара аудан прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылды. Сот отырысында жол-көлік оқиғасын жасаған азаматтың ісі қаралды. Ашық сот процесінің негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасында жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың көлік құралын заңсыз басқаруының алдын алу. Сонымен қатар, балаларға қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың нақты салдары көрсетілді