Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сайысты
Ақтауда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында «Газ түтіннен қорғаушылар буыны» атты кәсіби шеберлік жарысы өтті. Сайыстың мақсаты - төтенше жағдай кезінде мамандардың шұғыл әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру. Қатысушылар физикалық дайындығын ғана емес, кәсіби шеберлігі мен қиын жағдайда шешім қабылдау қабілетін де көрсетті. Сайыс 6 кезеңнен өтті.