Оқушыларға эко-сабақ өтті
Табиғатты қорғау - әр адамның күнделікті әдетінен басталады. Осыны бала бойына ерте жастан сіңіру маңызды. «Таза Қазақстан» экологиялық челленджіне қатысып жүрген эко-белсенді Гүлшара Аралбаева Ұлжан жекеменшік мектебінің 5-6 сынып оқушыларына эко-сабақ өткізді. Балалар сабақ барысында қалдықтарды сұрыптау, ресурстарды үнемдеу және қажетсіз заттарға екінші өмір сыйлау жолдарын үйренді.