Sky Сinema: киноны ерекше сезін
Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді әрі көңілді өткізуіне мүмкіндік көбейді. Ақтауда жақында жаңа ойын-сауық орны - Sky Cinema 9D кинотеатры ашылды. Мұнда келушілер кино көрумен қатар, заманауи технологияның көмегімен ерекше әсерге бөлене алады. Көлемді экран, арнайы дыбыстық эффектілер мен қозғалыс элементтері көрерменге оқиғаның ортасында жүргендей сезім сыйлайды.