Электронды темекі мен снюстің ірі партиясын тәркіледі
Ақтауда криминалдық полиция заңсыз айналымдағы электронды темекі мен снюстің ірі партиясын тәркіледі. Жалпы саны - 215 электронды темекі және 31 қаптама снюс. Криминалдық полиция қызметкерлері Changan автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде ішінен WAKA маркалы 64 электронды темекі тапқан. Полиция бұнымен тоқтамай, қаладағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан гараждардың біріне тінту жүргізген.