Отбасы құндылықтарына арналған семинар өтті
«Әке - отбасы тірегі, ана - жүрегі» тақырыбында ата-аналар мен жас отбасыларға арналған семинар өтті. Шараны Орталық «Бекет ата» мешіті ұйымдастырды. Жиында отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі туралы айтылды.