Таланттарды танытқан «Сырлы әлем»
Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Сырлы әлем» шығармашылық байқауы өтті. 20 жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара биыл да өнерге қызығушылығы бар жандардың басын қосты. Қатысушылар өз таланттарын ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.