Автобустағы телевикторина
Ақтауда қоғамдық көлік жолаушылары Маңғыстау телеарнасы ұйымдастырған телевикторинаға қатысты. Ақтау лайф хабары автобустан тікелей эфирге шығып, қала туралы қызықты сұрақтар қойды. Дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар да үлестірілді. Сонымен қатар ертең Шум сауда орталығында өтетін "Ақтау - сүйікті қалам" акциясына қатысуға арналған лотореялық билеттер де табысталды.