Негізгі Жаңалықтар Маңғыстаулық театр «Theatre All» фестивалінен қос жүлдемен оралды

Маңғыстаулық театр «Theatre All» фестивалінен қос жүлдемен оралды

Маңғыстаулық театр «Theatre All» фестивалінен қос жүлдемен оралды

Сахнадағы «Той» - өмірдегі күлкі мен қайшылықтың тоғысы. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының осы қойылымы елордада өткен халықаралық «Theatre All» фестивалінде қос бірдей жүлдеге ие болды. Бертольт Брехттің трагикомедиясын сахналаған маңғыстаулық ұжым актерлік ойын мен режиссурадағы шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.


Бөлісу