Каспийде жаңа аралдар пайда болды
Каспий теңізінің деңгейі төмендеп, 2100 жылға қарай 18 метрге дейін тартылуы мүмкін деген болжам ғалымдарды алаңдатып отыр. Өңір үшін өзекті мәселе халықаралық деңгейде де көтерілді. Түрікменстанның Аваза қаласында өткен Каспий экологиялық саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз деңгейінің төмендеуі қоршаған ортаға ғана емес, жағалау елдерінің экономикасына да елеулі қауіп төндіретінін атап өтті.