Негізгі Жаңалықтар Жылу маусымына дайындық пен газ қауіпсіздігі бақылауға алынды

Жылу маусымына дайындық пен газ қауіпсіздігі бақылауға алынды


Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жылу жүйелерінің дайындығын бақылауды және газ қауіпсіздігі шараларын күшейтуді тапсырды. Өңірде жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Биыл облыс бойынша 12 жарым шақырым жылу желісі жөнделген. Сонымен қатар электр инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізілді.



Бөлісу