Білім мен ғылымның жаңа белесі
Жармыш ауылының мектебі жаңа оқу жылын толайым табыстармен бастады. Мұнда білім сапасы артып, түлектердің барлығы дерлік оқу орындарына түскен. Сондай-ақ мектеп шәкірттері халықаралық ғылыми жобаларда топ жарып, ұстаздар қауымы сабақ беруде жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді қолданып келеді.