«Заң мен тәртіп»: шағын залдан үлкен спортқа
Ауыл жастарын темірдей тәртіп пен үлкен спортқа баулу. Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдермен кездесу өтті. Аудан әкімдігі, прокуратура және полиция бөлімінің бірлескен профилактикалық шарасына гір көтеруден әлемнің төрт дүркін чемпионы Нартай Алтыбаев қатысты. Өз ауласынан тегін жаттығу залын ашып, әлем чемпиондарын тәрбиелеп жүрген спортшы енді ауыл мектептерінің оқушыларын тегін үйретпек.