Облыс әкімі халықаралық сарапшыларымен кездесті
Облыс әкімі ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларымен кездесті. Жиында Үстірттің тарихи-мәдени мұрасын Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге дайындық және тарихи ескерткіштерді сақтау мәселелері талқыланды. «Үстірт: мәдени ландшафттар және аңшылық тұзақтар - арандар» номинациясын әзірлеу аясында халықаралық сарапшылар өңірде далалық зерттеулер жүргізді. Мамандар табиғи және мәдени мұра нысандарын зерделеп, оларды қорғау жолдарын қарастырды.