Негізгі Жаңалықтар Жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

Жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріледі


Бейнеу ауданының Боранқұл және Есет ауылдарында апатты деп танылған тұрғын үйлердің орнына жаңа баспаналар бой көтереді. 2024 жылы апатты деп танылған Боранқұл ауылындағы 12 үйде бүгінде 61 отбасы тұрады. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында үш жаңа көпқабатты үйдің құрылысы қолға алынбақ. Жоба Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу, сондай-ақ азаматтарды қауіпсіз әрі қолайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы негізінде іске асуда.  



Бөлісу