Ерсай портындағы терминал құрылысы 85 пайызға аяқталды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі «ЕРСАЙ» индустриялық теңіз порты аумағында салынып жатқан заманауи контейнерлік терминалдың құрылыс барысымен танысты. Жобалық қуаттылығы жылына 120 мың ДФЭ болатын нысанды биыл желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалды. Қазақстандық Lancaster Group және Atasu Group компаниялары бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаның жалпы аумағы 50 мың шаршы метр. Терминал теңіз, теміржол және автомобиль көлігі арқылы контейнерлік және өзге де жалпы жүктерді өңдеуге арналған.