28 апатты үйдің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады
Жаңаөзенде апатты деп танылған 28 үйдің орнына жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салынбақ. Бұл игі жоба Президент тапсырмасына сәйкес, өңір басшысының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бүгін “ Ақбұлақ” ш/ а жаңа үйлердің қазығы қағылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі, ақсақалдар, бөлім басшылары,қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.