Мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлікке мүмкіндік
Қарақия ауданында кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, өз ісін дамытуға мүмкіндік берілуде. Құрықта қайтарымсыз гранттың көмегімен бірі тігін ательесін ашып, отбасылық кәсіпті өрістетсе, енді бірі кондитерлік өнімдер дайындап, жергілікті нарыққа тауар ұсынып отыр. Ал «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл шаруашылығы мен өндірістің түрлі бағытындағы бастамалар қаржыландырылған.