«Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
Ақтауда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық жалғасып жатыр. 29 қарашада өтетін саяси науқан аясында Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының партиялық тізімін тіркеді. Тізімге тоғыз кандидат енгізілген.