Жаңаөзендіктер чемпиондарын қуанышпен қарсы алды
Жаңаөзендіктер де жеңімпаз жерлестерін ерекше құрметпен қарсы алды. Қалаға кіреберістегі стелла маңына жиналған жұрт спортшыларды зор қошеметпен күтіп алды. Өнерпаздар әннен шашу шашып, би билеп, жеңімпаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал Жаңаөзен қаласының әкімі жерлестерін жеңісімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.