Пробация есебіндегі азаматтар арасында спорттық жарыс өтті
Пробация есебінде тұрған азаматтар арасында спорттық шара ұйымдастырылды. Қатысушылар шағын футбол, үстел теннисі, арқан тарту және өзге де спорттық сайыстарда бақ сынады. Шараның мақсаты – оларды салауатты өмір салтына баулып, қоғамға бейімделуіне ықпал ету дейді, - ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, спорт арқылы белсенділігін арттыру. Жарысқа қатысушылар бір кісідей ат салысып, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.