Борышкерлердің мүлкі тәркіленді
Ақтау қаласының прокуратурасы алимент өндіру бағытындағы жұмысты күшейтті. Жыл басынан бері алимент алушылардың пайдасына 134,8 миллион теңге өндірілген. Оның ішінде берешекті өтеу есебінен борышкерлердің 2 пәтері, 1 жер учаскесі және 3 автокөлігі өндіріп алушыларға берілді.