Қаладағы жылу жүйесі жаңартылуда
Қалада магистралды жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ұлттық жоба аясында соңғы екі жылда жалпы ұзындығы 44 шақырым болатын жылу құбыры ауыстырылған. Ал жыл басынан бері қаланың екі шағын ауданында желілерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда.