Қызылтөбе мен басқұдыққа су құбыры тартылуда
Мұнайлы халқын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін үш жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Атамекен ауылындағы су айдау станциясының құрылысы. Қазір жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Сонымен қатар, Қызылтөбе мен Басқұдық ауылында «Каспий» су тұщыту зауытынан тікелей құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.