Қағазбастылықтан – сапалы білімге
«Ұстазды ұлықтаған ел ұтылмайды». Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауында мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, олардың жүктемесін азайтуға ерекше назар аударды. Білім саласына қатысты қамтылған бағыттардың барлығы бүгінгі сұраныспен үндеседі деген пікірде жаңаөзендік мұғалімдер.