Маңғыстаудың Адай жылқысын өсірген шаруа
Тәуелсіздік жылдарында ата кәсіпті арқау етіп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдары аз емес. Солардың бірі – Сайөтес ауылының тұрғыны Мырзатай Қойшыбаев. Ол ғұмырының қырық жылға жуық уақытын мал шаруашылығына арнаған. Бүгінде шаруа Адай жылқысын өсіруге басымдық беріп, сонымен қатар сиыр мен түйе бағады.