Теңіз жаяу әскерлері әскери сынақтан өтті
«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскери бригадасының 500-ден астам жас сарбазы «Оймашы» полигонында әскери даярлықтың практикалық кезеңінен өтті. Жаттығу барысында олар алғаш рет жауынгерлік қарудан оқ атып, кедергілер жолағын еңсерді. Сондай-ақ танкпен байланысты күрделі сынақтардан өтті.