Ауыз сумен қамтып отырған ірі кәсіпорын
Су – тіршіліктің негізгі көзі. Ал Каспий жағасында орналасқан Ақтау үшін оны тиімді пайдалану айрықша маңызды. Қаланың ауыз су қажеттілігін өтеуде Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының үлесі зор. Кәсіпорын теңіз суын тұщытып қана қоймай, су өндіру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Ал суды үнемдеу – өндірістен бастап әрбір тұтынушыға дейін ортақ міндет.