«Ерекше жұлдыз» ән кеші
Бейнеуде «Ерекше жұлдыз» атты ән кеші өтті. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған шарада ерекше балалар сахнаға шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Қабілеті мен таланты арқылы көпшілікті тәнті еткен жас өнерпаздар жұп - жұбымен ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шараның мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Дарынды да, талантты өнерпаздардың кеші әсерлі сәттерге толы болды.