Айнұр Маратқызы - тілші
Бұл еліміздегі алғашқы және жалғыз мифология музейі. Мұндағы екі үлкен зал Серікбол Қондыбайдың осы “Арғықазақ мифологиясы” кітабы негізінде жасақталған. Қазірде музей қорында 2 мыңнан астам жәдігер бар.
Серікбол Қондыбай - көне қазақтың дәстүрін, тарихын тіл арқылы зерттеген қазақстандық жалғыз ғалым. Ол өз еңбектерінде "миф - тарихи айғақ емес, бірақ нақты бір тарихи қоғамның танымы, рухани дамуымен байланысты қалыптасқан, тарихи негізі, қисыны бар, яғни, бұл жағынан “ақиқат” деп есептеуге болатын дүние" деп түсініктеме береді. Алғашқы зал «С.Қондыбай феномені» деп аталады. Мұнда зерттеушінің өмірбаяны мен ғылыми еңбектері қойылған. Айта кету керек, оның еңбектері соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр.
Римма Бердиева - С.Қондыбайдың шығармашылығына арналған музей директоры
Республика көлеміндегі үлкен ғалымдар назар аударып, "Арғықазақ мифологиясына кіріспе" деген 4 томдық кітабы шыққаннан кейін, бұл бүкіл түркітектес ғалымдар назар аудара бастады. Соның әсері болуы керек, біздің музейге туристер де көп келе бастады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы өткен екі халықаралық конференциямызға да шетелдіктердің назар аударып, жан-жақты зерттеуге, мақалаларын зерттеумен айналысқандары осыдан болуы керек.
Мына жердегі Тәңірие мен Ұмай ана туралы айтылады. Бұл құдіретті жұп, құдайы жұп есептелінеді. Тәңіриені біз аспанға теңесек, Ұмай ананы жерге теңейміз. Аспаннан жауын жауса, жерден шөп шығады. Тәңірие мен Ұмай ананың қосылуынан ұрпақ тарайды.
Иә, мұндағы экспонаттар жаратылыстың пайда болуы, халқымыздың сенімі, ырым-тыйымы, әпсана мен ертегілерінің түп- төркінін түсіндіреді. Серікбол өз еңбектерінде бүгінде қолданылып жүрген "тұрақты тіркестердің" мағынасына кеңінен тоқталады. Мәселен, біз "алыс" деген мағынада қолданатын "ит өлген жер" деген сөз, арғы дүние деген мағынаны береді екен. Ал, бағзыдан келе жатқан жыланның басына "ақ құю" ырымының астарында мынадай мағына бар екен.
Жер астының иесі, киесі жылан болып есептелген. Жер астынан жылан келген кезде аналарымыз сүт құйған екен. Оны өлтірмей сүт құяды. Неге? Біздің ата-бабамыз дүниеден өткеннен кейін, ол әруақтар жер астынан жылан кейпінде келеді деген сенім болған. Сүтті қою арқылы садақа берген.
Айнұр Маратқызы - тілші
Ал мына залға енгенде өзге әлемге түскендей күйде боласыз. Ғаламның үштік моделі бөлімде дүниенің төменгі ортаңғы және жоғары бөлігіндегі мифтік тылсым кейіпкерлер бейнеленген экспонаттар қойылған
Болашақта музей ғалымның зерттелмеген тың тақырыптарының бірі "аспан әлеміне" байланысты жәдігерлермен толығады. Айта кетейік, тылсым әлемнен сыр шертетін ерекше музей таяуда ғана республикалық байқауда "үздік ауыл музейі" атанған еді.