9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының басшылығы дәстүрлі түрде еңбек майданының ардагерлерін құттықтады.Ардагерлер мен мұнайшылар компанияның бас кеңсесіне жиналып, соғысқа қатысқандар мен тыл еңбеккерлерінің өмірбаяндарымен танысты.Кейін "Мәңгілік алау" мемориалына барып,ерлікпен қаза тапқандарға тағзым етті.