Елімізде биылғы жылдың бірінші тоқсанында есірткіге қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп. Оның ішінде мыңнан астамы ауыр және аса ауыр наркобизнес фактілері. Бұл нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы арнайы жиында айтылды. Сондай-ақ заңсыз есірткі айналымына қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 37%-ға өскен. Осы жылы 69 жасырын есірткі зертханасы жойылып, 18 ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл статистика ел бойынша жүргізілген есеп. Жиында 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілетін шаралар легі облыстық штабтың II тоқсандағы жұмыс жоспары пысықталды.