Ақтауда жаңғырту жұмыстарынан кейін «Caspi Bitum» зауыты іске қосылды. Кәсіпорын - жаңа жолдар салу үшін қажетті материалды жеткізуші болып табылады. Жаңғырту жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылды. Бас мердігер - «CITIC Construction» компаниясы жұмысты мерзімінен бұрын аяқтады. Биіктігі шамамен 40 метрлік жаңа вакуум колоннасы орнатылып, мыңдаған метр құбыр желілері тартылды, технологиялық пештер мен басқару жүйелері жаңартылды.