29-шы А шағын ауданы 94, 95-ші үйдің айналасы қоқыс полигонына айналды. Редакциямызға арызданған тұрғындар бәзбіреулер түнде жүк көлігімен құрылыс материалдарын тастап кететінін жеткізді. Көпшілік жабай полигон жайында 1 жыл бұрын арнайы органдарға хабарласқанымен нәтиже шамалы деп отыр. Тіпті экология министрлігіне дейін хат жолдапты.