Республикалық маңыздағы тасжолда қауіпсіздік күшейтілді. Тәртіп сақшылары қауіпті аймақтарды енді дронмен бақылайды. Аталған құрылғының көмегімен қарсы бағытқа шыққан 6 жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды.  анықталып, әкімшілік хаттама жасалған. Полицейлер мұндай тәсіл арқылы жол апатының алдын алуды көздеп отыр. Полицейлер Сайөтес пен Бейнеу елдімекендерін жалғайтын республикалық маңыздағы тасжолда жүргізушілерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, адам өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.