Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды. «Қазақстанның қызыл кітабына» енген су жануарларының қырылу дерегін балық инспекциясының қызметкерлері мониторинг кезінде анықтаған. Оқиға орнына гидробиология және экология институтының мамандары да барды. Алдын ала болжам бойынша теңіз сүтқаректілері 2-3 апта бұрын өлген. Қазір оларды жинау, жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл жыл басынан бері тіркелген екінші оқиға.