Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры өңірге гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымы облыстық драма театрда бірнеше спектакльді сахналап үлгерді. Соның ішінде "Құлагер", "Оян, қалыңдық", "Махаббат, қызық мол жылдар" қойылымдары театр сүйер қауымның көңілінен шығып жатыр.