Бала қауіпсіздігі - басты назарда
Бейнеу ауданында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Негізгі мақсат - кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері түнгі рейдтер өткізіп, білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер ұйымдастыруда.